Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысының үш қаласында – Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 7-31 желтоқсан аралығында бастауыш және орта мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқуға ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.⠀

Карантин режимі білім беру орталықтарына, үйірмелерге және мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріне де қолданылатын болады.⠀Бұл шаралар Павлодар облысының коронавирус таралу қаупі бойынша «қызыл аймақта» орналасуына байланысты қолға алынып отыр. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 780 жағдай тіркелді, оның 4 423 - Павлодар қаласына, 829 - Екібастұз қаласына және 526 - Ақсу қаласына тиесілі.⠀

Сонымен қатар, соңғы 3 айда облыста COVID-19-бен 30-ға жуық оқушы ауырып қалған.


Соңғы жаңалықтар