Коронавирус: Қазақстандық 235 турист демалысын үзіп, Қазақстанға оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдегі COVID-2019 індетінің өршуіне байланысты қазақстандық 235 турист демалысын доғарып, отанына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұлтуралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады. Комитет мәліметіне сенсек, туризм және спорт комитеті туристердің кепілдендірілген құқықтары жүйесінің әкімшілігімен бірлесіп, шетелдегі қазақстандық туристерді елге қайтару туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар туркодтарға ақша аудару жұмысы уақытша тоқтатылған.

«Қазақстан азаматтарын қайтару үшін кезектен тыс 17 рейс ұйымдастырылды. Алғашқы борт 17 наурыз күні Үндістаннан Гоа аралынан ұшып шықты. Қазірге дейін 235 турист отанына оралды», - деп хабарлайды комитеттен.

Қазіргі таңда әлемнің 13 елінде 4 мыңға тарта қазақстандық турист демалып жатыр.

Еске сала кетсек осыдан екі күн бұрын Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде демалып жатқан 4556 қазақстандықты елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын хабарлаған еді.

Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016 (оның 235-і 17 наурызда қайтты)), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда.


Соңғы жаңалықтар