Коронавирус қаупіне байланысты сауда орындары жабылуы мүмкін бе - министрдің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты еліміздегі сауда орындары жабыла ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда нүктелерін жабуға қатысты әңгімеге келер болсақ, қазір бәрі де - базарлар да, өндіріс те жұмыс істеп тұр. Тауық бұрынғыша жұмыртқалап, сиыр баяғыдай сауыла береді. Наубайханалар жабылмайды. Сауда нүктелері де, сауда алаңдары да бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Міне бұл – ешқандай дүрбелең туғызудың қажеті жоқ», - деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш баспасөз мәслихатында Бақыт Сұлтанов коронавирус инфекциясына байланысты супермаркеттер мен базарларда туындаған дүрбелеңге байланысты қазақстандықтарды сабырға шақырған болатын.


Соңғы жаңалықтар