+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Коронавирус: Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

2021 жылғы 18 қаңтар 14:05
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы коронавирустың тарауы бойынша, «сары» аймаққа өтті. Осыған байланысты Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19-ға қатысты бірлескен шараларды талқылады «Ashyq» мобильді қосымшасы бар елордада кәсіпкерлік субъектілері жұмысын бастады Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды

«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қарағанды облысы 2021 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр.

2020 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша облыста барлығы коронавируспен науқастанғандар саны 12 782-ні құрап отыр, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Ауру белгілері бар азаматтар - 54,9% және ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар - 45,1% -жетті.

Эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланып отыр, өйткені вирус жұқтырғандар саны артып келеді.

Сондықтан, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет. Балаларға, жасы үлкен адамдарға және ауруға өте сезімтал созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару керек. Сіздің денсаулығыңыз, жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда, сондықтан оқшаулануды, биоқауіпсіздік ережелерін (маска кию, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтық) сақтауларыңыз қажет.

Қазіргі уақытта жекелеген аумақтарда да, жалпы облыс көлемінде карантиндік іс-шараларды қабылдау мәселесі қарастырылуда.

Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері ретінде барлық азаматтарды санитарлық шаралар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырамын, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын бақылаудың жалғыз жолы»,-делінген Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгиннің Үндеуінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT