Коронавирус: Испанияда 15 күнге төтенше жағдай енгізілді

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат – Испания астанасы Мадрид қаласында 15 күнге төтенше жағдай енгізілді. Бұл қаладағы коронавирустың таралу ауқымын төмендету мақсатында жасалып отыр, деп хабарлайды ВВС.

Мадрид пен оған жақын орналасқан қалалар оқшауланады. Карантин талаптарының сақталуын 7 мың полиция қадағаламақ.

Карантиннің жаңа талаптарына сәйкес, Мадрид пен тағы тоғыз қалаға нақты себепсіз қатынауға шектеу қойылған. Жергілікті мейрамханалар мен дәмханалар кешкі сағат 23:00-ге дейін жабылуы тиіс. Сонымен қатар отбасылық шаралар алты адамнан аспауы қажет.

Мадрид билігі өкілдері, коронавируспен ауыратын науқастардың саны азайту үшін, төтенше жағдай енгізу негізсіз деген пікірде.

Ал денсаулық сақтау министрі Мадрида Энрике Руис Эскудеро қабылданған шешімнің нәтижесі болатындығы алға тартып отыр.

Еске салсақ, Мадридте 3 қазанда жаңа карантиндік шектеу шаралары енгізілді.

Сондай-ақ, Испания үкіметі Мадрид пен оның маңындағы тоғыз қаланың жергілікті билігіне 48 сағатқа карантиндік шаралар енгізуді тапсырды. Испанияда Covid-19 ауруына шалдыққандар саны артуда. Соңғы екі аптада елде 133 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Олардың үштен бірі ел астанасынан. Енгізілген жаңа шаралар бойынша, аталған қала тұрғындары аудандар арасына қатынай алмайды. Тек жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ дәрігерге немесе жақындарына қажеттілік болған жағдайда ғана рұқсат етілген. 6 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынған.




Соңғы жаңалықтар