Коронавирус іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін – вирусологтар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус перитонит тудыруы мүмкін. Куба ресейлік туристер үшін елге кіру талабын жеңілдетті. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік вирусологтар коронавирус инфекциясына шалдыққан организм үшін сирек кездесетін, бірақ қауіпті салдарды анықтады – вирус іш қуысының қабынуын тудыруы ықтимал. Коронавирус әртүрлі асқынулар береді, кей жағдайларда ауру іш қуысына әсер етуі мүмкін және бұл – перитонит. Асқынудың дамуы кейбір органдардың иммундық функцияларымен байланысты болуы мүмкін, деп түсіндірді медицина ғылымдарының кандидаты Борис Чурадзе.

«Іш қуысында иммундық реакцияға жауап беретін лимфа түйіндері көп. Патологиялық өзгерістер болған жағдайда іш қуысы асқынулар пайда болатын аймаққа айналуы мүмкін», - деді дәрігер.

Көбінесе, іштің қатты ауыруы, ентігу, тамақтанудан бас тарту, нәжістің болмауы, интоксикация COVID-19 кезінде асқынулардың дамуының белгісі болып табылады және бұл дәрігерлік көмекке дереу жүгінуге себеп болады.

Билеттерді туроператорлардан сатып алатын ресейлік туристер үшін Кубаға кіру тәртібі жеңілдеді. Ресей Федерациясынан келген саяхатшыларға коронавирусқа қарсы вакцинация туралы сертификаттар мен ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар сертификаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Куба билігі бұл шешімді елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және жергілікті халықты вакциналаудың жоғары деңгейіне байланысты қабылдады, ұжымдық иммунитет 90% жетті. Бірақ, егер турист өз бетінше демалуды жоспарласа, ол теріс ПТР-тестін немесе вакцинация сертификатын ұсынуы керек. Ресейлік вакциналардың арасынан Кубада тек «Спутник V» препараты мойындалған.


Соңғы жаңалықтар