Коронавирус: Грузияның 7 қаласында шектеу шаралары енгізілді

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Грузияның 7 үлкен қаласында коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында бірқатар қосымша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.

9 қарашадан бастап Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Рустави, Зугдиди, Гори, Поти қалаларында көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына 22:00-ден 05:00-ге дейін шектеу қойылады.

Бұл шектеу халықаралық жүк тасымалдарына, Медициналық және фармацевтикалық қызметтердің, стратегиялық нысандар мен БАҚ өкілдерін, сондай-ақ жеткізу қызметінің курьерлерін қоса алғанда, жүріп-тұруы қызметтік міндеттерді орындау үшін аса маңызды болып табылатын адамдар мен көлік құралдарына қолданылмайды. Дегенмен, алдымен олар мұны жедел штабпен келісуі керек.

Грузия Үкіметі мұндай шара коменданттық сағат емес, тағы бір нақты шектеу деп санайды.

Сонымен қатар, медициналық, фармацевтикалық, стратегиялық нысандардан басқа барлық ұйым 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Аталған қалалардағы мемлекеттік және жекеменшік барлық балабақша 9 қарашадан бастап белгісіз мерзімге жабылады.

Грузияның осы жеті қаласында автобустар мен шағын автобустардағы жолаушылар санына шектеулер қойылады. Бұған дейін вице-премьер, Грузияның Өңірлік даму министрлігінің басшысы Майя Цкитишвили түсіндіргендей, қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды.

Грузиядағы эпидемиологиялық ахуал күздің басынан бастап нашарлауда. 10 қыркүйекте елдің премьер-министр Георгий Гахария коронавирустың екінші толқынының басталғаны туралы мәлімдеген болатын. Премьер-министр билік аурудың таралу жағдайын толық бақылауға алатынына сендірді. Сол кезде елде 24 сағат ішінде вирус жұқтырғандардың рекордтық саны анықталған болатын. 57 адам коронавиурус жұқтырған еді.

4 қарашада ауруға шалдыққандардың тәуліктік өсімі 2 мыңнан асты. 8 қарашада ол 2 901, ал коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 57 753 болды.

Тек 31 қазанда парламент сайлауын өткізгеннен кейін ғана билік жаңа шектеулерді енгізуді шешті.

Жекелей алғанда 4 қарашадан бастап жабық ғимараттарда да, көшелерде де маска тағуды міндеттеген болатын. 25 қарашаға дейін елдің барлық ірі қаласында оқу процесі қашықтан болатын болды. Сондай-ақ Грузияның барлық мейрамханалары мен көңіл көтеру нгысандарына түнгі уақытта 22:00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар