Коронавирус: Грекияда алғашқы вирус жұқтыру жағдайы тіркелді

None
None
АФИНА. ҚазАқпарат – Бүгін Грекия коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekathimerini.com басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Италияның солтүстігінен жақында ғана келген Салоникидегі 38 жастағы әйелден вирус анықталған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі оның отбасы шамамен 14 күнге карантинге жіберілетінін растады.

Хабарламада денсаулық сақтау өкілдері Афинада денсаулық сақтау министрі Василиса Кикилиасаның төрағалығымен шұғыл жиналыс өтіп жатқаны айтылған. Министр жиналыстан соң Салоникиге барады.

Сондай-ақ коронавирустың өршу жағдайында ел билігі уақытша мектептерді, университеттерді, театр, кинотеатрларды, спорттық және сурет орталықтарын жабады.

Сонымен қатар Gulf Newshttps сәрсенбі күні Кувейтте коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 25-ке жеткенін атап өткен. Тек бүгіннің өзінде 13 жаңа жағдай тіркелген. Вирус жұқтырғандардың барлығы Иранда болған екен.

Кувейттің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған барлық пациент карантинде, жағдайларының тұрақты екенін айтты.

Дүйсенбі күні Кувейттің Азаматтық авиация басқармасы жаңа вирус өршіп тұрған Оңтүстік Корея, Тайланд және Италия елдеріне баратын және келетін ұшақтарды тоқтатқаны туралы хабарлаған болатын.

Diamond Princess круиздік лайнерінен жағымсыз жаңалық келді, Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметтері бойынша, тағы 14 адам коронавирусты жұқтырған. Кемедегі вирус жұқтырғандардың жалпы саны қазірдің өзінде 705 адамға жетті. Лайнер Жапонияның Йокогама портында үш аптадан бері тұр.


Соңғы жаңалықтар