Коронавирус Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жекке кедергі болып тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com cайтының авторы Барри Холбрук Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек проблемаға ұрынуы мүмкін деп санап отыр, деп жазады Sports.kz.

«Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек проблемаларының бірі - ол АҚШ-та ыңғайсыз уақытта өтуі мүмкін. Егер қыркүйекке қарай коронавирус пандемиясы әлі де өршіп тұрса, бокс жанкүйерлерінің көбінің DAZN-ға жазылуға ақшасы болмайды»,- деп шамалады Холбрук.

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 12 наурыз күніне жоспарланған. Алайда оның бәрі коронавирус пандемиясының қашан басылатынына байланысты болып отыр.

Сондай-ақ, оған дейін екі боксшының аралық жекпе-жегі өтеді деп белгіленген. Головкин Камил Шереметамен, ал Альварес - Билли Джо Сондерcпен жұдырықтасуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар