Коронавирус: Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франция COVID-19 пандемиясына байланысты түрмеде отырғандар санын қасқартып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі RTL-ге сілтеме жасап.

Наурыздың 16-сы мен сәуірдің 1-і аралығында, Франция түрмелеріндегілер 6 266 адамға азайды. Мұндай игі қадамға елдің Әділет министрлігі бастамашы болып отыр. Бұған себеп - түрмеде отырған бір адам мен надзирательдің коронавирустан қайтыс болуы. Билік өкілдері пандемия түрмені жайлап кетуі мүмкін деп үрейленіп отыр. Францияда бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар өте көп. Жалпы алғанда елдің пенитенциарлық жүйесі 61 мың тұтқынды ұстауға жарайды. Ал 1 сәуірден бастап мемлекеттегі 188 түрмеде 66 309 адам отырған.

Жазаны орындау ұлттық қызметінің соңғы бағалаулары бойынша, сотталған 48 азаматтан коронавирус табылған, 925 адам оқшауландырылған, 300 адам екі апталық карантиннен шықты. Түрмелердегі 42 мың қызметкердің 114-нен қауіпті вирус анықталды.

Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар