Коронавирус: Францияда мектептер, университеттер мен балабақшалар жабылып жатыр

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда барлық мектептер, университеттер мен балабақшалар дүйсенбі күні коронавирусқа байланысты жабылады.

Бұл туралы президент Эммануэль Макрон мәлім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Local France-қа сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешкісін Франция президенті Эммануэль Макрон телеарна арқылы вирусқа қарсы күреске бағытталған жаңа шараларды жариялады. Елде 2 870 адам коронавирус жұқтырғаны және 61 адамның осы аурудан көз жұмғаны анықталды.

Дүйсенбіден бастап барлық балабақшалар, мектептер мен университеттер жаңа бұйрық шыққанға дейін жабылады. Сондай-ақ, президент 70-тен асқандарды, денсаулығы нашарларды үйде қалып, жұртпен байланысты барынша шектеуге шақырды.

Билік 15 және 22 наурызға жоспарланған муниципалдық сайлауды кейінге қалдырмағанын хабарлады.

Эммануэль Макрон кәсіпорын қызметкерлерін үйден жұмыс істеуге көшіруге және қозғалысты барынша шектеуге шақырды. Сондай-ақ, ол қоғамдық көліктің қалыпты режімде жұмыс істейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар