+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Коронавирус Еуропадағы Азаматтық авиацияға құлдырау қаупін төндіруде

2020 жылғы 29 қазан 08:03
Бөлісіңіз:
Коронавирус Еуропадағы Азаматтық авиацияға құлдырау қаупін төндіруде

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Пандемия жағдайында Еуропадағы ең ірі әуежайлардың жолаушылар айналымы үш есе төмендеген. Бұған компаниялардың өндірістік көрсеткіштері туралы есептер дәлел бола алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews –ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарда  86 науқас емделіп жатыр Түркістан облысының 16 үйлестіру орталығы СOVID-19 инфекциясымен күресуге дайын Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды

Осылайша дағдарысқа дейін Еуропадағы тасымалдау көлемі бойынша ең ірі болып саналған лондондық «Хитроу» жүктеменің шамамен 69%-ға төмендегенін тіркеді, ол шамамен 19 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Париждік «Шарль де Голльдің» шығындары шамамен 67%-ды құрады. Еуропаның әуехабтарының алғашқы бестігінде ең көп зардап шеккен – Франкфурт әуежайы, ол жолаушылардың 70%-дан астамын жоғалтты.

Женева әуежайының бас директоры Андре Шнайдер дағдарыстан шығу үшін бірнеше жыл қажет екенін ескертеді.

«Біздің түсіміміздің 95% -ы жолаушыларға тікелей немесе жанама түрде байланысты. Бұл кірістің едәуір бөлігін жоғалтатынымызды білдіреді. Біз шығындарды азайту үшін көптеген шара қабылдадық, бірақ біз жоғары технологиялық нысандармен толтырылған платформаны ұсынғандықтан, шығындарымызды тез азайтуға мүмкіндігіміз шектеулі», — деді Андре Шнайдер.

Халықаралық әуежайлар кеңесінің бағалауы бойынша, елеулі мемлекеттік қолдаусыз 200-ге жуық еуропалық әуе торабы банкротқа ұшырауы мүмкін. Жыл басынан бері өңірде әуе тасымалының көлемі 1,3 млрд жолаушыға қысқарды.

Қазан айының ортасындағы жағдай бойынша көрсеткіштер төмендеуде — ЕО, Еуроаймақ елдері, Швейцария және Ұлыбританиядағы әуежайлар үшін құлдырау 80%-ды құрауы мүмкін, ал шекараны жабу және қысқы маусымдағы шектеулерді күшейту перспективалары азаматтық авиацияны тығырыққа тірейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT