Коронавирус: Еуропа лигасының «Интер» - «Лудогорец» ойыны жанкүйерсіз өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұндай шешімге Италиядағы коронавирустың өршуі себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа лигасының 1/16 финалының «Интер» - «Лудогорец» командалары арасында болатын қарымта ойыны жанкүйерсіз өтеді, деп хабарланды Болгария командасының ресми сайтында.

Мұндай шешім Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты қабылданды. Бұған дейін елде вирустың таралуына байланысты италиялық А сериясының 25 турының төрт матчы тоқтатылған еді. Сондай-ақ әуесқой және жастар лигасында 42 матч кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы матчта «Интер» сырт алаңда 2:0 есебімен басым түскен болатын.
Соңғы жаңалықтар