Коронавирус: Елордада инфекциялық стационарлар 58 пайызға толы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бері эпидемологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл« аймақта тұр. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен «дөңгелек үстелде» айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаламыз 2021 жылдың 10 наурызынан бастап эпидемологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Күніне коронавирус инфекциясының 200-500-ден астам жағдайы тіркеледі. Қаланың инфекциялық стационарларында төсек-орын жүктемесі 58% құрайды», - дейді әкімдік өкілі.

Ол сондай-ақ, коронавирус инфекциясы бар науқастардың жағдайы қала басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

«Коронавирус инфекциясын анықтауға арналған тестілеуді кеңінен қамту тұрғындар арасында короновируспен ауырғандарды анықтауды едәуір арттырды. Бұл емдеуді уақтылы тағайындауға мүмкіндік беруде», - деді Бақтияр Мәкен.

Оның айтуынша, сәуір айының басынан бері елордада 100 мыңнан астам адам вакцина алып үргерген.


Соңғы жаңалықтар