Коронавирус: Елорда «қызыл» аймақтан неліктен шыға алмай отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 220 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы тіркелуінің негізгі себебі тұрғындардың карантиндік талаптарды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар жаппай жиналатын жерлерге баруы, маска тақпауы болып отыр. Сонымен қатар амбулаторлық науқастардың, сонымен жақын байланыста болған тұлғалардың үй карантині режимін сақтамауы да инфекция тіркелуінің бір себебі», - деді ол әкімдікте өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, үй карантині режимінің бұзылуы «Ashyq» жобасы арқылы анықталып жатыр. Мәселен, сәуірде жобаға қатысатын нысандарға үй карантинінде жатқан 736 адамның барғаны анықталып отыр. Олардың 299-ы - науқас, ал 437-і байланыста болған адамдар.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасы 220 кәсіпкерлік субъектісін біріктіріп отыр. Оның шінде 50 фитнес клубы, 23 СПА орталығы, 12 бассейн, 3 боулинг клубы, 32 комьютер клубы, 20 сауна, 60 қоғамдық тамақтану орны, 11 кинотеатр мен театр бар», - деді Сархат Бейсенова.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус ахуалын бағалау матрицасында 1,5 ай бойы «қызыл» аймақта тұр.



Соңғы жаңалықтар