Коронавирус: Джонс Хопкинс университетінің мамандары павлодарлық дәрігерлермен тәжірибе бөлісті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының медицина қызметкерлері әлемге әйгілі Джонс Хопкинс университеті медицина мектебінің ғылыми қызметкерлерінен дәріс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тәжірибе алмасу онлайн режимде ұйымдастырылды.
Вебинарда Павлодар және Америка мамандары коронавирус инфекциясын емдеу процесімен бөлісті.

Медицина ғылымдарының докторы Бенджамин Боднар тромбоздың жоғары қаупі бар науқастар үшін антикоагулянтты терапия туралы, сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, семіру сияқты ілеспе сырқаттары бар науқастар үшін интенсивті терапия жөнінде айтып берді.

«Джон Хопкинс университеті –америкалық ірі медицина орталығы. Ол Қазақстан халқының санымен пара-пар келетін науқастар көлеміне қызмет көрсетеді. Сондықтан оларға бүтін әлемнен ақпарат ағылады және олардың жеке тәжірибесі мол. Павлодарлық дәрігерлер оқуға үлкен қызығушылық танытты, олар белсенді қатысты», - деді «Медико-инновациялық технологиялар» компаниясының медициналық директоры Гаухар Абдильдина.


Соңғы жаңалықтар