+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал

2021 жылғы 20 сәуір 17:36
Бөлісіңіз:
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанда коронавирус індеті өршіп, дәрі-дәрмек жетіспеуде. АҚШ-та коронавирустан 130 млн адам вакциналанды. Португалия, Швейцария мен Словенияда карантиндік шектеулер жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы тағы екі сауда үйінде вакцина егу пункттері ашылды COVID-19-дың Үндістанда тарап жатқан штамы Қытайға жетті Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Үндістан ауруханаларында төсек-орын, оттегі қоры және қарапайым дәрі-дәрмектер жетіспеуде. Дүйсенбіден бастап Дели қаласында алты күнге локдаун жарияланды. Өйткені қалада өткен 24 сағат ішінде 273,8 мың адам індетті жұқтырып, тәуліктік сырқаттанушылықтың жаңа рекордтық көрсеткішін көрсетті. ⠀

Канаданың Онтарио провинциясында індеттің күрт өсуі байқалған. Елдің Премьер-министрі бұл жағдай алаңдатарлық екенін жеткізді. Провинцияға қосымша аурухана жабдықтары мен медициналық қызметкерлер жіберіледі.

АҚШ билігі вакцинация науқанының маңызды кезеңін атап өтті: Елде ересектердің жартысы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған – бұл шамамен 18 жастан асқан 130 миллион адам.

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Греция жаңа ереже енгізді: толық вакцинациядан өткен немесе теріс нәтижесі бар анықтама көрсеткен ЕО, Ұлыбритания және АҚШ азаматтары міндетті апталық карантиннен босатылады. ⠀

Таиланд билігі апта бойы сырқаттанудың рекордтық көрсеткіші тіркелгеннен кейін статистиканың аздап төмендегенін атап өтті. Соңғы тәулікте елде тек 1390 адам ауырып қалды, бұл жергілікті дәрігерлердің айтуынша, оптимизмді тудырады. Соңғы уақытта күнделікті көрсеткіштер 1700 адамнан төмен болмаған. ⠀

Португалияда дүйсенбіден бастап мейрамханалар, сауда орталықтары, мектептер мен университеттер ашылады. Билік шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелерін және басқа да эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау өте маңызды екенін жеткізді. Бұзушылықтар үшін үлкен айыппұлдар қарастырылған. ⠀

Швейцария да бірқатар шектеу шараларын жеңілдетті. Мейрамханалар мен кафелер ашық террассаларда клиенттерге қызмет көрсетуге оралды, кейбір спорт нысандары ашылды, студенттер дүйсенбіден бастап күндізгі оқуға оралады. ⠀

Словенияда қызмет көрсету саласының едәуір бөлігі, оның ішінде мейрамханалар мен сұлулық салондары қайта ашылуда. Черногорияда дүйсенбіден бастап оқушылар мектептеріне оралады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT