+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Коронавирус: БҚО-да шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр

2020 жылғы 26 наурыз 18:55
Бөлісіңіз:
Коронавирус: БҚО-да шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус бойынша қолайсыз шет елдерден келген 74 адам карантинде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың біреуі карантин режимін сақтамаған Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 569 адам болды Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, барлығы 265 адам бақылауға алынған.

Соның ішінде 191-і үйден бақылануда.

Кеше Германиядағы Франкфурттан Оралға қазақстандық 8 азамат ұшып келді. Олардың барлығы «Ивушка» оңалту орталығына 14 күнге жатқызылды.

Жалпы, 100 орындық «Ивушка» орталығынан басқа Теректі ауданы Ақжайық ауылында тағы бір сондай стационар (20 орындық) әзірленген, ол резевте тұр. Осындай стационарлар Кумыска елді мекені мен Бәйтерек ауданы Переметный ауылында да бар.

«Сонымен қатар провизорлық стационар да бар. Яғни адамнан тұмау белгісі байқалса, онда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Қазіргі кезде өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT