Коронавирус: Бельгияда қылмыс 30% төмендеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шаралар қылмыстың едәуір төмендеуіне ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі De Tijd газетіне сілтеме жасап.

«Қылмыс айтарлықтай аз жасалынып жатыр. Бізде әзірге нақты сандар жоқ, бірақ 30 пайызға қысқарды. Қылмыстың азайып жатқанын көріп отырмыз», - деп жазды басылым полицияға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ұрлық жасау, бос тұрған кеңселерді, жабық дүкендер мен құрылыс алаңдарын тонау ісі байқалмады. Судьялар есірткі мен көшедегі бұзақылыққа байланысты қылмыскерлердің аз ұсталып жатқанын атап өтті.

Полиция қылмыс деңгейінің төмендеуіне байланысты қызметкерлерді коронавирусқа қарсы қабылданған қатаң шаралар аясында профилактикалық іс-әрекеттерді жүргізуге бағыттап жатыр.

Тұрғындар арасында үкіметтің нұсқаулығына мойынсұнғысы келмейтін адамдар әлі де баршылық.


Соңғы жаңалықтар