Коронавирус: Барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа байланысты барлық теннис жарыстары жазға дейін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) кез келген турнирдің 7 маусымға дейін өтпейтіні туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

Осылайша Рим (Италия), Мадрид (Испания), Рабат (Марокко), Мюнхен (Германия), Эшторил (Португалия), Женева (Швейцария) және Лион (Франция) додалары биыл өтпейтін болды.

Соған байланысты теннисшілердің рейтингтері де осы кезеңде жаңартылмайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ролан Гаррос» турнирінің күзде өтетінін жазған болатынбыз.

Атақты испаниялық теннисші, әлемнің 2-ракеткасы Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» турнирінің өтпей қалғаннан гөрі қыркүйекке шегерілгенін қолдады.



Соңғы жаңалықтар