+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Коронавирус: Ауруханаға түскен науқастардың сынамасы үш күнде анықталады

2020 жылғы 28 қаңтар 17:15
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Ауруханаға түскен науқастардың сынамасы үш күнде анықталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдағы коронавирусқа байланысты ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижелері үш күнде анықталады. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

«Бздің мамандарымыз тұмауды, суық тиюді, ЖРВИ-ді болдырмау, коронавирусты анықтау үшін науқастан сынама ала алады. Қазіргі уақытта еліміздің 2 жерінде, Алматы мен Нұр-Сұлтанда биотехнология ғалымдарымен бірлесіп, отандық диагностика қою әдістерін әзірлеудеміз. Ауруханаға түсіп жатқан науқастардың сынамаларын өзіміздің зертханаларға жібереміз. Ол үш күнде анықталады. Қиыншылық туса, онда біздің алгоритмге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен зертханаға сынамаларды жібереміз», - деді бас санитарлық дәрігер.

Бұған қоса, оның айтуынша, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдегі әріптестерімен қажет болған жағдайда сынамаларды Мәскеу мен Новосібір қалаларындағы зертханаларға жіберуге келіскен. Жалпы, бас санитарлық дәрігер қаңтардың 30-ына дейін отандық диагностикалау әдісі дайындалатындығын атап өтті.

«Қытайдан келген азаматтарымыз және шетелдіктердің бәрі есепке алынды. Себебі осы келген отандастарымыздан және шетелдіктерден ЖРВИ, тұмау белгілерін анықтау, оны толық зерттеп, диагноз қоюмыз керек. Мұндай ауру шықса, онда оны тез арада анықтап, оқшаулауымыз қажет. Сонда қоғамымызды қорғаймыз», - деді Жандарбек Бекшин.

фото: naked-science.ru
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT