Коронавирус: Атырауда науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, модульдік ауруханада, сондай-ақ, №2 облыстық ауруханада емделіп жатқан науқастардың туыстарына арналған «жедел желі» іске қосылған.

«Сall-орталық күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауруханаларда жатқан науқастардың туыстары мен жақындарының телефон қоңырауына ауысым сайын үш кезекші дәрігер жауап береді. Пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпарат ауруханаға түскен кезде көрсеткен бір туысына берілетін болады. «Жедел желінің» нөмірі +7 778 048 94 07», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 33 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар