Коронавирус: Атырауда инфекциялық стационарларда 59 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 59 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 38 науқасқа қауіпті індет диагнозы қойылған.

Ал 21 науқас коронавирусты пневмониядан ем қабылдап жатыр.

«Атырау қаласындағы №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекция стационарында қауіпті індет жұқтырған 26 науқас ем алуда. Оның үшеуі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жас ерекшеліктері - 40-65 жас. Сондай-ақ, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде ашылған аурухананың инфекциялық стационарда 33 науқас ем қабылдауда. Ал аудандардағы инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар жоқ» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 10 адам анықталған болатын.

Соңғы жаңалықтар