Коронавирус: Атырауда екі ай жансақтау бөлімінде жатқан науқас емделіп шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі ай жансақтау бөлімінде жатқан науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Маржан Тілеулиева үш ай бұрын №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационарына түскен. Кейін 2 ай 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан.

«Жансақтау бөліміне түскен кезде науқастың жағдайы ауыр дәрежеде деп бағаланды.

Тынысы тарылып, демікпесі күшейіп кетті. Сол себептен, оны алғашқы күннен оттегі аппаратына қостық. Оған 2 ай бойы тиісті ем-домын жасап, нәтижесінде жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырдық. Бүгін ауруханадан шықты», -дейді резидент-реаниматолог Дархан Жақсылық.

Коронавирус инфекциясынан сауыққан Маржан Тілеулиева тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

«Ауруханаға 18 шілдеде ауыр халде түстім. Дем жетпей, басым айналды. Жансақтау бөлімінде 2 айдан аса емделдім. Дәрігерлердің емдеу шарасын сәтті жүргізуінің нәтижесінде бір өлімнен аман қалдым. Қазір жағдайым жақсарды», - дейді Маржан Тілеулиева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2 жасар бала коронавирустан жазылып кеткенін


жазған едік.


Соңғы жаңалықтар