Коронавирус: Атырауда бір күнде 2 192 адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 2 192 адам коронавирус вакцинасына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакциналау бекеті жұмыс істеп тұр. Биылғы 1 ақпан-4 мамыр аралығында «Спутник V» және «Qazvac» вакциналарының I компонентін 35 835 адам салдырған. Вакцинаның II компонентін 10 796 адам алған.

«Ал, 5 мамырда «Спутник V» және Qazvac вакциналарының I-компонентін 2 192 жергілікті тұрғын салдырды. Оның ішінде 142 медицина қызметкері, 231 педагог, 20 полиция қызметкері, 19 студент, 17 жабық мекеме өкілі, 113 құқық қорғау органдарының қызметкері, 50 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 16 адам, 1 584 жергілікті тұрғын бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, 4 мамырда Атырау облысында 31 мыңнан астам адам вакцина салдырған болатын.



Соңғы жаңалықтар