Коронавирус: Атырауда 33 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 33 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін 2 068 төсек-орны бар 11 инфекциялық стационар, 81 реанимациялық төсек дайындалған. Атырау қаласында 430 төсек-орынға арналған 3 стационар, Теңіз кен орнында 1 360 төсектік стационар, ал 7 ауданда 278 төсектік инфекциялық стационарлар жұмыс істейді.

«Соңғы мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда қауіпті індетке шалдыққан 606 адам ем қабылдау үшін оқшауланды. Оның ішінде модульдік ауруханада – 179, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 150, аудандардағы стационарларда – 131, облыстық аурухананың стационарында – 106, фтизиопульмонология орталығындағы стационарда 40 науқас емделіп жатыр. Ал, үй жағдайында 1111 адам ем алуда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жансақтау бөлімінде 33 науқас жатыр. Оның 5-еуі бұрынғыша өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты резервтік стационарлар ашылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар