+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: Алматыда екі қонақүй ауруханаға айналады

2020 жылғы 13 тамыз 21:34
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Алматыда екі қонақүй ауруханаға айналады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

«RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырып, COVID-19-ға қарсы іс-қимылға үлес қоспақшы. Жалпы сыйымдылығы 215 төсек-орын, оның ішінде 34 қарқынды терапия мен реанимация бар.Бақылау мен сұрыптау бокстары, ота жасау және емханалық бөлімшелер қарастырылған», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, барлық үй-жайлар бөлек кіретін және зарарсыздандыру жүйелері бар үш аймаққа бөлінеді. Таза ауа айналымы үшін теріс қысымы бар жүйе қарастырылған. Бұл персоналдың жұқтыру қаупін азайтады.

«Госпитальдар заманауи жабдықтармен, соның ішінде КТ және рентген аппараттарымен, УДЗ, ӨЖЖ, сондай-ақ медициналық газдар жүйесімен жабдықталады. Түркиядан келетін дәрігерлерді қоса алғанда, медициналық қызметкерлер құрамы дайын. Мұндағы тағы бір ерекшелік, 90 минуттың ішінде КВИ-тестінің нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін жеке ПТР зертханалары бар. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін госпитальдарды 1 қазанға дейін ашу жоспарлануда», – деп жазады әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT