Коронавирус: Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында ауру жұқтыру көбейген

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру көбейген. Бұл туралы қалалық санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар айында онға жуық бала қауіпті індетті жұқтырса, қазір 60-қа жуық бала емделіп жатыр. Бұл Алматы аумағында вирустың мутацияланған түрінің пайда болуымен байланысты.

«Сондай-ақ вирустың отбасы мүшелері арқылы тарауы себеп болып отыр. Қалада коронавирусты жұқтыру бұрынғыдай адам көп жиналатын жерде орын алуда. Ол - сауда орындары, жұқтырудың 23 пайызы осы жерлерде болған. Сондай-ақ үйлер арасында орналасқан дүкендерде, қоғамдық көлікте, жұмыс орнында жұқтыру жоғары. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жұмысшылардың 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу айтылған. Бірақ бұл талап сақталмай отыр», - дейді Әсел Қалықова.

Эпидемиолог қалыпты өмірге тез оралу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз керек екенін баса айтты.

«Егер бұл вирустан құтылып, қалыпты өмірге оралғымыз келсе, маска тағу режимін сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Оған қоса халық вакцина салдырудан бас тартпауы керек. Бұл, бірінші кезекте, жақындарын вирустан сақтау үшін қажет», - дейді Әсел Қалықова.

Айта кетейік, өткен тәулікте Алматыда 717 адам коронавирус жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар