+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 18 қазан 11:11
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1368 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ВАК отырысы: Ералы Тоғжанов омикрон штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын қабылдады «Омикрон» штамына байланысты дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ- Алмаз Шарман

17 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 318 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 286, симптомсыз – 32 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 16, келіп түскені – 67

«Инфекциялық стационарларда 1 368 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 122 адам жатыр.

Ал 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 971 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2853 науқас. 118 адамда коронавирус белгілері жоқ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT