Коронавирус: Алматы және Ақтөбе облыстары «қызыл» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы және Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.


Соңғы жаңалықтар