Коронавирус: Әлем елдері бұқаралық шараларға тыйым салып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектептер жабылды, спорт шаралары өткізілмейді, бүкіл әлем бойынша мәдени мекемелер жұмысы тоқтады. Мұның барлығы коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жасалып жатыр, деп хабарлайды ВВС.

«АҚШ-та спорт шаралары өткізілмейді, Бродвейдегі қойылымдар бір айға шегерілді. Францияда мектептер, университеттер, балабақшалар жабылды», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Канаданың премьер-Министрі Джастин Трюдо 14 күндік карантинге жабылды. Оның әйелінен коронавирус анықталды. Австралияның ішкі істер министрі де коронавируспен ауруханаға жақызылды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 118 мемлекетте 125 мың адамға Covid-19 диагнозы қойылды. Әлем бойынша акция бағасы құлдырап жатыр. Амстердамда Ван Гог пен Рейксмузеум музейлері наурыз айының соңына дейін жабылды. АҚШ-тағы Метрополитен музейі де жұмысын тоқтатты. Вашингтон мен Нью-Йорктегі басқа музйлер сенбіден бастап демалысқа кетеді», деп жазады автор.

Нью-Йорктың губернаторы Эндрю Куомо 500-ден астам адам жиналатын жиындарға тыйым салды. Бельгия барлық мәдени, көңіл-көтеретін шараларды өткізуге шектеу қойды. Дисней де Флорида мен Париждегі парктерін наурыздың соңына дейін жапты.



Соңғы жаңалықтар