+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Коронавирус: АҚШ жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді

2021 жылғы 28 ақпан 11:21
Бөлісіңіз:
Коронавирус: АҚШ жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде. ҚазАқпарат бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр - эпидемиолог-дәрігер Қарағанды Медуниверситетінде вакцинация орталығы ашылды Қытайда коронавирусқа қарсы 160 млн доза вакцина егілді

Johnson & Johnson препаратының тиімділігі сырқаттың халі ауыр болған жағдайда 85% көрсетіп отыр.

Осы аптада Азық-түлік және медициналық препараттардың сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сарапшылары (FDA) аталмыш вакцинаның қауіпсіздігіне қатысты қорытындыны жариялаған болатын. Олардың бағалауынша, коронавирус жеңіл түрде өтіп жатқан науқастарда препараттың тиімділі – 66,1%, сырқаттың ауыр жағдайында 85% көрсеткен.

Осылайша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы үшінші препараттың қолданысына рұқсат беріліп отыр - Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson.

Бұған дейін Johnson & Johnson компаниясы Америка үкіметімен 100 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша 1 млрд долларға келісім жасасқаны хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT