Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі

None
None
ЛОНДОН. ВВС ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні жаңа коронавирус анықталған америкалықтардың жалпы саны 5 миллионнан асып, Бразилияда Covid-19-дан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асқан.

Британия премьер-министрі оқушылар мектепте оқулары керек екенін айтса, Парижде көшеде де маска тағып жүру міндеттелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ крронавирустық инфекция жұқтыру бойынша әлем бойынша бірінші орында. Алғашқы үштікке Бразилия да кіреді. Ол жақта аталған ауруды жұқтырғандар саны 3 миллионнан асады. Одан кейінгі орында Үндістан тұр. Ол жақта Covid-19 жұқтырғандар саны 2 миллионнан асады.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 880 мың. Бұл мемлекет ауру жұқтыру бойынша төртінші орында тұр. Соңғы тәулікте Мәскеуде инфекция жұқтырғандар көп тіркелген. Саны - 689.

Ресми дерек бойынша, кеше Ресейде Covid-19 диагнозы қойылған 77 адам көз жұмған. Ал осы дерттен көз жұмғандардың жалпы саны 15 мыңға жуықтап қалған.


Соңғы жаңалықтар