Коронавирус: АҚШ-та 100 млн адам екпе алды, Францияда қатаң локдаун басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ел тұрғындарын алдағы бірнеше апта бойы қатаң шектеу шараларына дайын болуға шақырды.

Бұл туралы ол 2 сәуір күні Пасха мерекесіне байланысты жолдауында мәлімдеді. Сонымен қатар, халықты вакцинация науқанына белсене қатысуға шақырды.

АҚШ халқының үштен бірі - 100 миллионнан астам адам, індетке қарсы екпенің кем дегенде алғашқы дозасын қабылдаған.

Шамамен 58 миллион адам екпенің екі дозасымен егілген. АҚШ-та күн сайын шамамен 3 миллион адамға вирусқа қарсы инъекция жасалады.

Бразилияда бір тәулік ішінде covid-19-дан 2 922 адам қайтыс болған. Елде індетті жұқтырғандардың жалпы саны 70 238 адамға артқан.

Эпидемия басталғаннан бері елде SARS-CoV-2 вирусын жұқтырғандардың саны 13 миллионға жуықтаған және 325 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Францияда 3 сәуірден бастап бір ай мерзімге жалпыұлттық локдаун енгізілмек.

Барлық 96 департаментте сағат 19.00-ден бастап коменданттық сағат енгізіледі және тұрғылықты жерінен 10 шақырымнан астам қашықтыққа шығуға тыйым салынады.

Жұмыс істейтін тұрғындарына қашықтан жұмыс жасау режіміне ауысу ұсынылды.

5 сәуірден бастап мектептер мен балабақшалар кем дегенде үш аптаға жабылады. Студенттер аптасына бір рет дәріске қатыса алады.

Бельгияда полиция эпидемияға қарсы шектеу шараларын бұзушыларды көзден жас ағызатын газ және су шашу арқылы таратты.

Коронавирус пандемиясына байланысты елде көшеде төрт адамнан артық жиналуға тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар