Коронавирус: 98 адамның ахуалы нашар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деді министрлік.

Соңғы жаңалықтар