Коронавирус: 374 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасында 181 117 адамда КВИ+ және 47 575 адамда КВИ- анықталды. КВИ+ бойынша 163 156 адам және КВИ- 35 348 адам жазылып шыққан. Жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның 31% (6 492 орын) толған, ал жансақтау бөлімінің 20%-ында 374 адам хал үстінде жатыр», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, соңғы 2 айда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Қазақстан Республикасы төмен тәуекел аймағынан немесе жасыл аймақтан жоғары тәуекел аймағына немесе қызыл аймаққа көшкен.

«Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 100 млн-нан астам КВИ жағдайы тіркелген, сырқаттанудың өсуі – 0,5- құрайды. 2 миллион 165 мыңнан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,1%.

Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде аурудың өсуі әлі де жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алты өңірінің үшеуінде (Америкада, Тынық мұхитының батыс бөлігінде және Африкада) COVID-19 вирусымен халықтың сырқаттануы тұрақты өсіп келеді», - деді М. Шоранов.


Соңғы жаңалықтар