Коронавирус: 2 ел Олимпиадаға қатыспайтындықтарын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус қатеріне байланысты әлемнің екі елі Токио Олимпиадасына бармайтындықтарын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Канада олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиада ойындарына өз спортшыларын жібермейтінін жария етті.
Канада спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды екендігін айтып, Халықаралық олимпиада және Халықаралық параолимпиада комитеттері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге қалдыруға шақырды.
2016 жылғы Рио Олимпиадасына Канададан 314 спортшы қатысып, 22 медальға ие болған еді.
Канададан кейін Аустралия олимпиада комитеті де коронавирус кеңінен етек алған қазіргідей жағдайда Токио Олимпиадасына өз құрамасын жинай алмайтынын, сондықтан келесі жылға әзірленетінін мәлім етті.
Рио Олимпиадасына Аустралиядан 421 спортшы барып, 29 медальмен бұл елдің құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға көтерілген болатын.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2020 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты түпкілікті шешім төрт аптадан кейін қабылданатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Жапониядағы жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Ұйымдастыру комитеті 24 шілде мен 9 тамызға жоспарланған жарысты бір айға немесе 45 күнге шегеру мәселесін де қарастыруы мүмкін.
- Көпшілік әлі күнге дейін вакцинаға күмәнмен қарайды – медицина маманы
- «Ashyq» : Ақтөбеде 200-ден астам бизнес субьектісі жұмысын кедергісіз жүргізе алады
- Сомалидегі жарылыс: 17 адам қаза тапты
- Вакцинация Еуропаның барлық елінде қарқын алды – Еурокомиссия президенті
-
Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ
-
Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам