Көрнекті ғалым Рәбиға Сыздық «Барыс» орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Р. Сыздықты І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рәбиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 тамыз

№ 143




Соңғы жаңалықтар