«Қорғас» Сауда және интеграция министрлігінің құзіретіне беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы Сауда және интеграция министрлігінің құзіретіне берілетін болды. Бұл шешім туралы қаулы жобасы «Ашық Нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңнамада белгіленген тәртіппен қазіргі уақытта халықаралық орталық Алматы облысының әкімдігіне қарайды. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» АҚ акцияларының 100 пайыз мөлшеріндегі пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілмек.

«ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін», - делінген құжатта.

Өз тарапынан Сауда және интеграция министрлігі «Қорғас» ШЫХО» арнайы экономикалық аумағына байланысты түсіндірме жазба жариялады. Министрлікің хабарлауынша осы шешім арқылы қазақстандық экспортты ілгерілету үшін жағдай жасау және ҚР мен ҚХР арасындағы шекара маңындағы сауда көлемін арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта «Қорғас» ШЫХО МК АЭА» АҚ акциялардың мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын ҚР Сауда және интеграция министрлігінің құзырына беру қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар