+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті

2021 жылғы 6 мамыр 18:40
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бастаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары басшылық құрамы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен, «Мәңгі есімізде» монументіне гүл шоқтарын қоюмен еске алды.

Жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін ұдайы қолдай отырып, Отан алдындағы конституциялық борышын беделді орындайтынын атап өтті.

2020 оқу жылының өзінде Қарулы Күштерде 60 мыңнан астам маман даярланып, 74 мыңнан астам шара, оның ішінде бригадалық тактикалық және кеме оқу-жаттығулары, тәжірибелік атыстары, далалық шығулар, ұшу ауысымдары, сүңгуірлік жаттығулар, парашютпен секірулер өткізілді.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ҚР Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерлерге басшылық ету мен оларды басқару, олардың жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау және мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісінде қол жеткізген табыстарға жоғары баға берілгенін ерекше атап өтті.

Жуырда Ақордада Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев пен Бас штаб бастығының бірінші орынбасары Марат Құсайыновқа жоғары офицерлер құрамының кезекті «генерал-лейтенант» әскери атағын табыс етті.

Ал Бас штаб бастығының орынбасары Серік Борамбаев, «Батыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қолбасшылары Нұрлан Алдияров пен Мереке Күшекбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы Қуанышбек Үштаев, Қарулы Күштердің Тыл бастығы Алмаз Ахмадиев «генерал-майор» әскери атағын иеленді.

Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 әскери қызметшісі мен азаматтық персонал өкілдері мемлекеттік марапатқа лайықты деп танылды.

– Қарулы Күштердің барлық жеке құрамының қызметіне берілген осындай баға бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді Қорғаныс министрі.

Салтанатты шара соңында Қорғаныс министрі мемлекеттік наградалар мен мерзімінен бұрын берілген әскери атақтарды табыстады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT