+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады

2020 жылғы 19 қыркүйек 19:51
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері Отанына адал болуға ант берді. Салтанатты рәсім Алматы, Ақтөбе және Щучинск қалаларында өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Құрлық әскерлерінің әскери институтында 270-тен астам, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында 90-нан астам курсант ант қабылдады. Сонымен қатар, ҚР ҚМ Кадет корпусында 240-тан астам кадет Отанына адал болуға ант берді.

«Әскери ант мәтініндегі әрбір сөз терең мағынаға ие. Әрбір курсант өзінің әскери міндетін орындай отырып, өз өмірбаянына әскери өмірге жасаған қадамын жазып, азаматтық және адамгершілік жетілу сынағын өткізеді», – деді бірінші курс студенттеріне Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Дулат Адырбеков.

Курсанттар мен кадеттер бұл күнді мәңгі есте сақтайтыны анық. Бүгін олар әскери жолға түсіп, Отан қорғау үшін жоғары міндеттемелер алды.

«Әскери ант – ең алдымен, қасық қаны қалғанша өз Отанын қорғауға дайын болу. Енді сіздердің барлық әрекеттеріңіз өз қолдарыңызбен бекітілген салтанатты ант талаптарына сәйкес болу керек»,-деді өз сөзінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.

Салтанатты іс-шаралар санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мақсатында қонақтардың қатысуынсыз өтті. Курсанттардың ата-аналары өз ұлдарының өміріндегі маңызды оқиғаны оқу орындары мен әлеуметтік желілердегі ресми ғаламтор-ресурстары арқылы онлайн режимде бақылады.

Әскери оқу орнына қабылданған сәттен бастап ант қабылдағанға дейін курсанттар мен кадеттер бастапқы әскери дайындық курсынан өткенін атап өткен жөн. Бір ай уақыт аралығында олар жалпыәскери жарғыларды зерделеді. Сондай-ақ саптық, физикалық және атыс даярлығынан өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT