Кореяда 6-шы күн қатарынан 2000-нан астам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді

None
None
СЕУЛ. YONHAP- ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда дүйсенбі күні алтыншы күн қатарынан тәуліктік коронавирус жұқтыру жағдайы 2000-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP-қа сілтеме жасап.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметтері бойынша, елде COVID-19 жұқтырудың 2006 жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде 1986-сы жергілікті жерден анықталған жағдай. Елде ауруға шалдығушылардың жалпы саны 397 466-ға дейін артты.

7 шілдеден бастап күн сайынғы ауру жұқтырушылар саны төрт таңбалы санды құраған болатын. 25 қыркүйекте тәуліктік жағдай рекордты көрсеткішке 3270-ке жетті. Елде 12 өлім жағдайы тіркелген. Вирустан көз жұмғандардың жалпы саны 3115 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар