Қордайлық екі тұрғынның үйінен бір келіден астам героин табылды

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданының екі тұрғынынан бір келіден астам героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің жазғы ас үйінен табылды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сот-химиялық сараптамасының актісіне сәйкес, тәркіленген зат героин екендігі анықталған. Есірткінің бұл ауыр түрінің жалпы салмағы бір келіден асады.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Соңғы жаңалықтар