+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жазаланады - Президент

2020 жылғы 9 ақпан 09:40
Бөлісіңіз:
Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері жазаланады - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, 7 ақпанда Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Ал сенбі, 8 ақпанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізді. «8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды», - деді Ішкі істер министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT