Қордайда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды

None
None
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында анықталған коронавирустың екі жаңа дерегі Қордай ауданынан тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

30 жастағы бірінші науқас - 17 наурызында Қордайға Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Ол 30 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған талдаулар қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Азаматша инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жақын байланыста болған 9 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды.

Ал, екінші науқас бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған 24 жастағы азамат. Онымен қарым-қатынаста болған бес адам карантинге жабылды.


Соңғы жаңалықтар