Қордай оқиғасында көз жұмғандардың отбасына 55 мың теңгеден әлеуметтік көмек беріліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қордай тұрғындарына көрсетіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қордай ауданында зардап шеккен 39 отбасыға 44 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қосымша ауданның 936 отбасына 122 тонна азық-түлік пен қайырымдылық көмек қамтамасыз етілді», - деп атап өтті спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, асыраушысынан айырылуына байланысты, қайтыс болған жандардың отбасыларына ай сайын орта есеппен 55 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, төленіп жатыр.

«ТЖ кезінде табысынан айырылған аудан тұрғындарына 42 500 теңгеден, кепілдендірілген әлеуметтік топтама – 55 мың аудан тұрғынына және АӘК аясында 813 отбасыға барлығы 2 млрд теңге қаражат төленді», - деді Е. Жылқыбаев.

Бұған дейін спикер ауданда зардап шеккен 65 нысанның 54-інде қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба қол алынды.



Соңғы жаңалықтар