+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қордай ауданының екі ауылына газ жетті

2020 жылғы 21 қазан 01:18
Бөлісіңіз:
Қордай ауданының екі ауылына газ жетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Қордай ауданының Қарасу, Өтеген ауылдарына газ жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазығұрт ауданының 51 елді мекеніндегі 102 235 тұрғын биыл табиғи газбен қамтылмақ Бақытжан Сағынтаев: Алматының жеке секторы газбен толық қамтылады 2025 жылға дейін Түркістан облысы газбен 99 пайыз қамтылады - Өмірзақ Шөкеев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданы тұрғындарының тұрмысын жақсарту жөніндегі тапсырмасы бүгінде сәтті іске асуда. Қарасу, Өтеген, Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына жалпы сметалық құны 5,6 млрд теңге 73,2 шақырым газ құбырын тарту қолға алынған. Бүгінде олардың бірқатары бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталуға жақын. Ал, екі ауылда жұмыс аяқталған. Олар – Қарасу, Өтеген ауылдары.

Аталған ауылдарға көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шарада аудан әкімі Рүстем Дәулет екі ауыл тұрғындарын осы тамаша сәтпен құттықтап, мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықтың бұл тек бір парасы ғана екенін айтты. Ауылға жеткен газдың алауы жағылып, салтанатты түрде іске қосылды.

Жалпы екі ауылда 1 251 тұрғын үй жыл соңына дейін көгілдір отынмен қамтылады. Құрылыс жұмысымен айналысып жатқан «Фирма СКМ Строй» ЖШС ауылішілік желілерді тартуды аяқтаған. Тұрғындармен келісімшарт жасалып, көгілдір отынды үйге кіргізу ретімен жоспарға сай жалғасатын болады. Газ қосуға төленетін ақының да тиімді жолдары қарастырылған. Алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға газ құбырын тартуға көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін ауданның 100 мың тұрғынын көгілдір отынмен қамту жоспарланған. Қазірде 41 елді мекеннің 12-сіне газ құбыры тартылды. Тағы 10 ауылға жеткізу жұмыстары аяқталуға жақын. Осылайша көгілдір отынның қызығын ауданның 95 пайыз тұрғыны көреді деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT