Қор нарығында доллар бағасы құбылып тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4, 65 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 470, 34 теңге. Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 08 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 470 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 463,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 466 теңге. Айта кетейік, АҚШ ақшасы қор нарығында екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр.


Соңғы жаңалықтар