Қор нарығында доллар 6 теңгеге арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6, 29 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 427, 39 теңге.

Ұлттық банктің 30 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 433, 30 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424, 54 теңге, сатып алу – 429, 19 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426, 29 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429, 96 теңге.


Соңғы жаңалықтар