Қор нарығында бір доллардың бағасы 430 теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 16 қараша кешімен салыстырғанда 0, 95 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 430, 65 теңге болды. Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 429, 68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,06 теңгеден сатылса, сатып алу – 432, 02 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 431,13 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 432, 07 теңге.

Соңғы жаңалықтар